«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары 20 пайыздық мемлекеттік сыйлыққа ие болды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының» негізгі операторы саналатын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының саны 150 мыңнан асты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Желтоқсанның 31-іне дейін тұрғын үй құрылыс жинақтары есеп-шотына ақша аударғандар өз салымына мемлекеттен 20 пайыз сыйлықақы алды. Мемлекет сыйлықақысы салым сомасының 200 есептік айлық көрсеткіштен аспайтын бөлігіне есептеледі. Бұл қаржы салымшының шотына ақпанның 10-ына дейін аударылады», дейді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның баспасөз хатшысы Сәуле Омарова. Оның айтуынша, банк өткен жылы салымшылармен тұрғын үй құрылысы жинағы туралы 42 мыңнан астам келісім жасады. Олардың жалпы сомасы 90 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ несиелендіруге 19 миллиардқа жуық теңгенің 6 мың заемын берді. Несиелендіруді 2005 жылдың сәуір айынан бастаған банк бұған дейін 53,5 миллиард теңгенің 17,5 мың заемын берген болатын. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» активі былтыр 10 пайызға ұлғайып, 66 миллиард теңгені, ал несиелік қоржыны 40 пайызға өсіп, 43 миллиард теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар