«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолы жүк тасымалын 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолы жүк тасымалын 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст айтты.

Оның айтуынша, Иран аталған темір жолдың өз жеріндегі бөлігін келесі жылы наурыз айына дейін бітіруді көздеп отыр. «Мен білемін, Қазақстан өз жағындағы темір жолдың құрылысын аяқтады. Түрікменстан әлі жұмыс істеп жатыр. Негізі, «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолы іске қосылғаннан кейін жүк тасымалын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады. Оның ішінде астық тасымалы да бар», - дейді Р.Мехманпараст.   

Соңғы жаңалықтар