Қазақстан Түрікменстанға трансформаторларды толық көлемде жеткізуге ниетті
Ашхабадтағы ұлттық стендте Қазақстанның бес ірі кәсіпорны көрсетілген: Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты, Alageum Electric, KEMONT, Қазақстан электр сымы орталығы және KRS Oil and Gas.
«Түрікменстан мұнайы мен газы» көрмесі» бұл елдің ірі мамандандырылған көрмесі. Қазіргі уақытта Түрікменстан мұнай және газ қорымен біздің өңіріміздегі мейлінше перспективалы нарықтардың бірі саналады. Мұнай құрылғыларын өндіруші ретінде біздің бүгінгі көрмеге қатысуымыз іскерлік қызығушылығымызды арттырды. Екі апта бұрын ғана KAZAKH INVEST-тің ықпалымен Тюменьде өткен (Ресей Федерациясы) осындай шара аясында 2 млн долларға сорғыш қарнақ жеткізу туралы келісім жасалды. Бүгінгі шара аясында жаңа жетістіктерге жетеміз деп жоспарлап отырмыз», - деді «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ экспорттық сатылымдар жөніндегі бас директорының орынбасары Берік Молдағали.
Үш жылдық үзілістен кейін қазан айының соңында алғаш рет Түрікменстан аумағына трансформатор жеткізу жүзеге асырылды, алайда әзірге аз көлемде. Сол себепті біз бүгін «Түрікменстан мұнай мен газы» көрмесінің алаңын пайдаланып, бір кездері жылына 1 млн долларға жеткен жеткізулерді жаңғыртқымыз келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түрікменстанмен тауар айналымы 283,5 млн долларды құраған, олардың ішінде экспорт -39,7 млн доллар, импорт - 214,4 млн доллар және импорттың басым бөлігі табиғи газ, мұнай өнімдері. Өз кезегінде Қазақстан Түрікменстанға көбінесе ұн, уыт сіріндісін, жүк көліктерін, темекі өнімдері, алкогольсіз сусындар, барий сульфаты және фосфат жеткізеді.