Қазақстан Түркіменстанға локомотив экспорттауды жалғастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық компания Түркіменстан билігімен келіссөздер жүргізу барысында сол елге локомотив жеткізу және түрікменстандық тендерлерге қатысу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» АҚ хабарлады.
None
None

Бұндай келісімдер магистральді тепловоздарды шығаратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Түрікменстан теміржол министрлігінің өкілдерімен кездесуі барысында мүмкін болды. Басқосу «KAZNEX INVEST» АҚ және Түрікменстандағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген.

«Екі тарап Түркіменстан нарығына локомотив жеткізуді жалғастыру туралы уағдаластық жасады. Қазіргі уақытта бір локомотив жеткізілді және Түрікменстан теміржолдарында сынақтан өтті. Соңғы 5 жылдың өзінде 280 локомтоив шығарылды, оның 11-і экспортқа: Тәжікстан, Қырғызстан, Украинаға жеткізілген», - делінген «KAZNEX INVEST» АҚ хабарламасында.

«Ақтөбе рельс арқауы зауыты» ЖШС Түрікменстанның теміржол, құрылыс және сәулет министрлігімен келіссөздер жүргізді. Түркіменстан тарапы қазақстандық компаниядан рельстерді, арқаулар мен көпірге қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, теміржол құрылысына қажетті рельстерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысуға да шақырып отыр.

Соңғы жаңалықтар