Қазақстан Түркияның индустриялды базаны дамыту тәжірибесін лайықты бағалайды - Н.Назарбаев

«Бүгінгі жиынның өзінде ғана құны 2 млрд. доллардан астам болатын келісімшартқа біз қол қояйық деп отырмыз. Оның біразы біздің алдымызда рәсімделетін болады», деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Елбасы Қазақстанның жоғарғы технологияны пайдаланып, экономиканы ауқымды индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. Бағдарлама қолға алынған 2 жылдан астам уақыттың ішінде ғана 11 млрд. АҚШ долларына бағаланатын 450 жоба іске қосылды. 2015 жылға дейін жалпы құны 46 млрд. доллар болатын 500-ден аса жоба іске қосылып, бір жарым млн. адам жұмыспен қамтылады.
«Түркияның индустриялдық базаны дамыту тәжірибесін Қазақстан лайықты бағалап отыр. Металлургия, тоқыма, тамақ, химия өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, энергетика, логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеует жеткілікті», Н.Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы Қазақстанда рұқсат беру құжаттарының жыл сайын отыз пайызға қысқартылып, оны иелену тәртібі жеңілдетіп келе жатқандығын айта келе: «Бұл бизнесмендердің уақытын және қаржылық шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді деп санаймыз», деді.