Қазақстан түрмелерінде 1300-ден астам шетелдік жазасын өтеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан түрмелерінде 1300-ден астам шетелдік жазасын өтеуде. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлім етті.
«Жалпы 1300-ден астам шетелдік азамат Қазақстанның бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан ТМД елдерінен Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, ал алыс шетелден Қытай, Моңғолия, Ауғаныстан, Түркия және Камерун елдерінің азаматтары бар», - деді А.Сәдубаев.
Оның сөзіне қарағанда, шетелдік азаматтар алаяқтық, есірткі тасымалдау, контрабанда және тағы басқа қылмыс жасағандары үшін сотталған.