Қазақстан U19 құрамасы Еуропа чемпионаты екінші іріктеу сатысына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің екінші сатысына шықты.

ва
Фото: ҚФФ

Қазақстандық футболшылар бұл жолы Грекиямен жасыл алаңға шыққан еді. Дегенмен олар қарсыласына лайықты төтеп бере алған жоқ. Грекия құрамасы қатарынан төрт гол соғып кетті. Оған Исмаил Бекболат 77, Аламгир Смаков 84-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша отандастарымыз қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді. Соған қарамастан өз тобында үшінші орынға табан тіреп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Португалиямен (1:1) тең түсіп, Сербияны (3:1) қапы қалдырған еді.

А лигасындағы екінші кезең биылғы жылдың қараша айында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияға есе жіберді.