Қазақстан УЕФА коэффициенттерінің рейтингінде төмендеп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша УЕФА-ның жаңартылған коэффициенттер рейтингінде 31-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None




Коэффицент – ағымдағы маусымдағы орташа мәннің қосындысы (жалпы ұпайлар еуро маусымына қатысатын қауымдастық клубтарының санына бөлінген) және алдыңғы төрт маусымның нәтижелері. Коэффициенттер тең болған жағдайда, алдыңғы маусымда анағұрлым жоғары коэффициенті бар ассоциация жоғарырақ орынға орналасады.

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің матчтарында Қазақстан командалары 3 рет жеңіске жетіп, 5 рет ұтылды.

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Англия – 88.855 (2.285)

2. Испания – 78.712 (2.285)

3. Германия – 67.856 (2.500)

4. Италия – 61.854 (2.285)

5. Франция – 49.914 (1.333)

6. Нидерланд – 47.600 (1.200)

7. Португалия – 45.299 (1.583)

8. Шотландия – 33.700 (0.800)

9. Аустрия – 30.200 (1.100)

10. Бельгия – 29.100 (1.100) ...

28. Польша – 15.125 (2.125)

29. Әзербайжан – 13.875 (1.250)

30. Словения – 12.375 (2.000)

31. Қазақстан – 12.375 (0.875)

32. Молдова – 10.500 (2.000)

33. Беларусь – 9.750 (0.500)


Соңғы жаңалықтар