14:24, 07 Шілде 2017 | GMT +6
Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Норвегия мен Шотландияны артта қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша УЕФА-ның клубтық рейтингінде алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан қоржынына 4,5 ұпай әкелді, деп хабарлайды Sports.kz
Алматылықтар мен павлодарлық спортшылар 2 ұпайдан әкелсе, 0,5 шымкенттіктердің есебінде. 4,5 ұпай төрт командаға бөлінеді, нәтижесінде Қазақстан биылғы маусымда 1,125 ұпайға ие болды.
Бұл көрсеткіш еліміздің УЕФА елдері ішіндегі клубтық рейтингте екі орынға (28-ден 26-ға) жоғары көтеріліп, Норвегия мен Шотландияны артта қалдыруға септігін тигізді.