Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Швецияны өкшелеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Латвияның «Спартак» командасын жеңгеннен кейін Қазақстанның Еурокубоктағы қанжығасына бір ұпай түсті, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Жалпы алғанда, Қазақстанда 5,5 ұпай  («Қайрат» пен «Ертісте» екі-екіден, «Астанада» - 1 және «Ордабасыда» - 0,5) бар. Бұл көрсеткіш 4 командаға бөлінеді, нәтижесінде Қазақстан ағымдағы маусымда 1,375 балл жинады.

Соңғы бес маусымдағы ұпайлардың жалпы саны - 15,250. Бұл нәтижемен Қазақстан   УЕФА елдері рейтингінде 26-шы орынға орналасты.   25-ші орында - 15,600 балмен Швеция тұр.

Соңғы жаңалықтар