Қазақстан UFC-де Дағыстанның орнын басып келеді

АСТАНА. KAZINFORM - Аралас жекпе-жек туралы жазатын LudisChartaMMA ресурсы UFC тізімінде қазақстандық боксшылар санының көбейгенін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

UFC
Фото: sports.kz

Спорт шолушысы жеңіл салмақтағы дивизионға Бекзат Алмахановтың тіркелуіне байланысты жаңалыққа осындай пікір білдірді.

«Бірінші толқын Дағыстан болды. Қазір көптеген қазақстандық боксшылардың UFC-ге жолдама алып жатқанын көріп жүрміз. Осы жолы Азат Мақсұмды UFC Vegas 85 турнирінен көреміз. Шавкат Рахмонов 2024 жылы «алтынға» таласады», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық UFC аралас жекпе-жек шеберлерінің тізімінде Асу Алмабаев, Сергей Морозов және Мария Агапова да бар. Соңғы екеуі түрлі себептермен көптен бері жекпе-жек өткізбеген.

Соңғы жаңалықтар