Қазақстан Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кеме ұшырудың 2010 жылғы жоспарын бекітті

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 29-ындағы Қаулысымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппаратын ұшырудың 2010 жылғы жоспары бойынша қорытынды бекітілді.
None
None

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінен хабарлағандай, «Ресейғарыш» агенттігі ағымдағы жылға жоспарлаған 41 сапардың 34-іне келісім берілді.

«Негізінен зымырантасымалдағыштардың ажырайтын бөлшектерінің «Байқоңыр» кешенін жалдау келісімшартында қарастырылмаған жаңа аудандарға құлауы қарастырылған сапарларға ғана тыйым салынды», деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметінен.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының ағымдағы жылғы ұшу бағдарламасын қаңтар айының соңына белгіленген «Протон» зымырантасымалдағышының сапары ашады.

Соңғы жаңалықтар