19:02, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келесі кездесуді өткізуге әзір - ҚР Президенті
МИНСК. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Украинадағы жағдайды реттеу үшін үшжақты кездесуді тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды.

«Біз бүгін басталған өзара тиімді шешімдер шығаратын жоғары деңгейдегі келіссөздер форматын сақтауды ұсынамыз», - деді Н. Назарбаев Минскіде Кеден одағы мемлекеттерінің басшылары, Украина президенті мен ЕО өкілдері қатысқан кездесу барысында.
Елбасының айтуынша, сындарлы келіссөз үдерісін жалғастыру үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу қажет.
«Бүгінгі кездесуді келесі кездесудің күні мен орнын белгілеп, аяқтасақ жақсы болар еді. Егер кейбір қатысушылар ұсынғандай, кездесуді Қазақстанда ұйымдастыру қажет болса, біз оған дайынбыз», - деді Н. Назарбаев.