Қазақстан Украинамен ғарыш саласында ынтымақтасуға мүдделі - Б. Сағынтаев

МИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресей және Украинамен ғарыш саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы нәтижесі бойынша журналистерге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
None
None

«Инновациялық даму саласында елдердің бәрі ілкі жобаларды қаржыландыруға әзір емес екендігі айтылды. Қандай да бір жоба іске асуы үшін кем дегенде үш елдің қатысқаны керек. Біз, мысалы, Ресеймен, Украинамен бірге ғарыш саласында жұмыс істеуге мүдделіміз. Бұл елдер осы жобаларды қаржыландыруға дайын болса, біз де бұған мүдделілік танытамыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, бүгін отырыста ынтымақтастықтың 20-дан астам жобасы талқыланды. 6 мемлекетаралық жобаға қол қойылды.

Еске сала кетейік, Түркіменстанның ұсынысы бойынша, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын биылғы 21 қарашада Ашхабадта өткізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар