17:00, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығыс аудандарына гуманитарлық көмек көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аудандарына гуманитарлық және қаржылай көмек көрсету туралы ҚР Үкіметіне берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан тарапынан 69 727 875 теңгенің азық-түлік өнімі жөнелтіліп, бүгін 10 қаңтар күні Украина тарапынан қабылданып алынды», делінген хабарламада.
Ресми ақпаратта хабарланғандай, көмек ретінде 127 875 консерві банкісіндегі ет, 40 тонна қант, 36 мың литр өсімдік майы, 150 тонна қара құмық жіберілген.