Қазақстан ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұйым әлеуетін арттыруға мүдделі - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесіп, ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттерінің өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Сыртқы саяси мекеменің басшысы ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұйым әлеуетін арттыруға Қазақстанның ұмтылуын растады. Ол, сонымен қатар, 2014 жылы 3 сәуірде Мәскеу қаласында өткен Ұйым мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындыларына қанағат білдірді.

Ағымдағы жылығы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне дайындық мәселелері, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі жарғылық ұйымдары отырыстары мен сессияларының мәселелері қарастырылды. Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзге де аспектілері талқыға салынды.

Соңғы жаңалықтар