Қазақстан үлкен инвестициялық әлеуетке ие және біз ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз - Дубай СӨП бас директоры

ӘБУ-ДАБИ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 2-3 маусым күндері Дубай қаласы (Біріккен Араб Әмірліктері) кәсіпкерлерінің ірі делегациясы Қазақстанға ат басын бұруды жоспарлауда.
None
None

Делегация құрамында Дубай сауда-өнеркәсіп палатасының, «Эмаар» (жылжымайтын мүлік саласы), «Флай Дубай» (Дубайдың әуе тасымалдаушысы), «Аль Футтейм» (көпсалалы компания), «Аль Хабтур групп» (қонақ үй кәсібі), «ЭНОК» (мұнай-газ компаниясы) және т.б. ірі концерндердің 40-тан астам өкілі бар.

Әмірлік кәсіпкерлері Астана мен Алматы қалаларында болуды жоспарлауда. Елордада ҚР Үкіметінің басшылығымен келіссөздер өткізіледі, Астана қалалық арнайы экономикалық аймағында болу көзделеді. Алматыда екі мемлекеттің жетекші компанияларының қатысуымен Қазақстан мен БАӘ-нің кеңейтілген іскерлік кеңесі өтеді деп күтілуде.

Дубай сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Хамад Буаминнің мәліметінше, инфрақұрылымды дамытуға құйылған инвестиция көлемін арттыра отырып, сондай-ақ Қашаған мұнай кен орнын игерумен және мұнай бағасының көтерілуімен байланысты Қазақстанның ІЖӨ 2017 жылға дейін жылына орташа алғанда 5,8 пайызға артып отырады.

«Қазақстан үлкен инвестициялық әлеуетке ие және біз мемлекеттік және жеке меншік секторларда ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», - деді Х. Буамин.

Соңғы жаңалықтар