Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгияға барды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін кешке Брюссель қаласының әуежайына Қазақстан Республикасы футбол құрамасы мінген ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Сборная Казахстана по футболу прибыла в Бельгию
Фото: Арнұр Рахымбеков

7 қыркүйек күні жергілікті «Андерлехт» стадионында қазақстандықтар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Әуежайда Қазақстан футбол құрамасын осы елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан бір топ қазақстандық студент қарсы алды. Жастар «Завентем» әуежайына ұлттық рәміздермен: тулармен, құрама жейделерімен, сондай-ақ ұлттық киіммен келді.

Өз кезегінде, футболшылар да ұшып келгеннен кейін өз отандастарын жылы қарсы алып, естелік суретке түсіп, жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Жанкүйерлер ойын кезінде стадионда қызу қолдау көрсететіндерін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Қазақстандық ойыншылар Уэльс құрамасынан жуырда жеңіліп қалғанына қарамастан, тек жеңіске және жоғары нәтижеге ұмтылатындарын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұл матч алдында Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ойыннан кейін үш ұпай бар, ал Бельгия құрамасы үш ойыннан кейін жеті ұпай жинаған.

Ойын Брюссель уақыты бойынша сағат 21:00–де басталады. Кездесуді румыниялық төрешілер тобы басқарады. Бас төреші — Раду Петреску, оған ассистенттер ретінде Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді.

Кейіннен Қазақстан құрамасының бас бапкері Уэльстен жеңілу себебін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар