«Қазақстан» ұлттық арнасы көрермендердің мүмкіндігін кеңейтетін iPlay, iTube бірегей жобаларын іске қосты

iPlay - бұл көрермендердің телеөнімдерге сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірегей мүмкіндіктің бірі. iPlay жобасы телеэкранға байланыстырмай-ақ жаһандық ғаламтор желісінде еркін және оперативті қолжетімділік туралы біздің түсінігімізді кеңейтеді.
Әрбір қазақстандық смартфон немесе планшет арқылы өзінің сүйікті хикаяларын, фильмдерін, бағдарламаларын, спорттық бағдарламаларды көріп, музыканы тыңдай алады, ал балалар өздерінің сүйікті мульфильмдерін тамашалай алады. Бұл ретте барлық материал жоғары сапада және түрлі жарнамалық үзілістерсіз орналастырылып, трансляцияланады.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы өзінің болашақ және әлеуетті көрермендеріне қарай бірінші болып қадам жасады.
iPlay.kaztrk.kz-қа кіру үшін уақытыңызды бөліп, тіркеуден өту міндетті емес. «Қазақстан» телеарнасының логотипі бар қосымшаны жүктеп алсаңыз болғаны, бұл өте ыңғайлы.
Өзінің сүйікті бағдарламаларын онлайн, тегін және жақсы сапада қараудың бірегей мүмкіндігіне «Қазақстан» телеарнасының көрермендерімен қатар, «Балапан» және KAZsport телеарналарының көрермендері де ие болады. Сайтта телеарналардың эфирлерінен алынған телеөнімнің үлкен топтамасы жинақталған. Сайт қоры жаңа сериялар мен бағдарламалардың жаңа шығарылымдары шыққан сайын тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Біздің барлық үздік және рейтингі жоғары тележобаларымыз: телехикаялар, ток-шоулар, алда көрсетілетін фильмдер және бағдарламалардың анонстары, әлемдік киношедеврлер, осының барлығы бір интернет алаңға топтастырылған. Бұл үшін www.kaztv.kz басты беттің төменгі жағында көрсетілген iPlay.kaztrk.kz сілтемесінен өту жеткілікті.
iPlay.kaztrk.kz - бұл өзіңіздің сүйіп көретін бағдарламалар мен фильмдеріңізді өзіңізге ыңғайлы уақытта және жарнамалық үзіліске бөлінбестен көру мүмкіндігі. Эфир уақытына үлгермесеңіз, қапы қалмаңыз. Барлық жобаларды iPlay.kaztrk.kz қосымшасынан көре аласыздар. Тек қана сілтемеден өту қажет.
iplay.kaztrk.kz қосымшасы ілкі жоба ретінде интернет редакция үшін жаңа болып табылатын дизайн жүйесін пайдаланумен 2014 жылғы қыркүйек айында іске қосылды. Сайттың артықшылықтарының бірі бейімделген реттеумен және тез үн қатумен мобильді платформаларды толық қолдау болып табылады, бұл сайт аудиториясын көбейтіп қана қоймай, іздеу роботтары үшін сайтты оңтайландыруға мүмкіндік берді. Қысқа мерзім ішінде сайт кеңінен қолданыла бастады. Алғашқы бір айдың ішінде сайтқа кірушілердің саны бір тәулікте 10 000-ға дейін ұлғайса, бір тәулік ішінде қарау саны 40 000 мыңды құрады, бастартулардың саны төменгі көрсеткішке дейін азайды. Сайтты орташа қарау уақыты 4,5 минутты құрады, бұл едәуір жоғары көрсеткіш болып саналады.
iPlay жобасын әзірлеу тәжірибесі осыдан біраз уақыт бұрын іске қосылған басқа бірегей жоба iTube -ті әзірлеу кезінде пайдаланылды. Жаңа жоба танымал Youtube қағидаты бойынша құрылған алғашқы қазақстандық бейнехостингті білдіреді. Бұл жобаны тұтынушылардың өздері толықтырып отырады, яғни мұнда тек қана «Қазақстан» РТРК» АҚ өнімдерін ғана емес, сондай-ақ басқа да көптеген өнімдерді табуға болады.
Қазіргі кезде «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясы iMusic бірегей жобасын әзірлеуде. Бұл сайтта пайдаланушылар өзінің сүйікті туындыларымен бөлісіп, оларды онлайн тыңдай алады.
Соңғы он жыл ішінде ғаламтордың біздің әлемді өзгерткені сөзсіз. Кеше ғана қол жеткізуге мүмкін болмайтын нәрселер бүгінгі күні шындыққа айналды. Ғаламторда қолжетімді контенттің саны еселеп ұлғайды. Алайда, санның өсуі сапа көрсеткішінің өсуін аңғартпайды. «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының басты міндеті пайдаланушыларға сапалы өнім ұсынып, аудиторияның күннен күнге ұлғайып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.