Қазақстан ұлттық сауда флотын ұлғайтуды көздеп отыр

Қазақстан делегациясының жетекшісі Ассамблеяның және 2017 жылы біздің елде өтетін міндетті аудитке дайындық мәселесі бойынша Халықаралық теңіз ұйымының біздің еліміз үшін маңыздылығын атап өтті, деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
IМО-ның мәліметі бойынша бүгінде әлемдік сауда айналымының 80%-дан астамы теңіз жолдарының көмегімен жүзеге асады және теңізде жүзу қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналып барады.
Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) - БҰҰ-ның халықаралық саудалық кеме қатынасымен байланысты техникалық мәселелер бойынша ақпарат алмасу үшін мамандандырылған халықаралық үкіметаралық мекемесі болып табылады. Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бері IMO мүшесі болып табылады және оның аясында қабылданған негізгі 12 конвенцияға қосылды.