Қазақстан уранын Жапония нарығына жеткізуге мүдделіміз - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Қазақстан-Жапония бизнес форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

"Біздің әріптестіктің маңызды салаларының бірі атом энергетикасы екені даусыз. Біз жоғары сұрыпты уран өнімін әлемдік нарыққа, соның ішінде Жапонияға жеткізуге мүдделіміз", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Жалпы, бүгінгі шара барысында 10 коммерциялық келісімге қол қойылады. Бұл келісімдер біздің әріптестікке серпін беріп, біздің экономикамызды әртараптандыруға көмектеседі деп үміттенемін. Әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, іскерлік дамуға қажетті жаңа бағыттарды игеруге даярмыз", - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өткен болатын.

Іс-шараға автокөлік жасау, авиация және ғарышкерлік, электроника, xимия өнеркәсібі, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау, жүк тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларын қамтитын 500-ден астам компания қатысуда.

Сондай-ақ тараптар алдағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады.

Форум қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға, оның ішінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласын қайта қаржыландыру, автокөлік терминалын жасау және өзге де тақырыптар бойынша меморандумға қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар