Қазақстан үш айда 4,4 млрд текше метр газ тұтынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың үш айында қазақстанда 12,2 млрд текше метр газ өндірілген. Бұл туралы бүгін жанар-жағармай кешені мен экология жөніндегі қоғамдық кеңестің есеп беру кездесуінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

«2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 12,2 млрд текше метр газ шығарған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 105 пайызды құрайды»,-деді Қ.Бозымбаев.

Министр атап өткендей, республика осы үш ай ішінде  4,4 млрд шаршы метр газ тұтынған.

«Қаңтар-наурыз айларында республика 3,3 млрд текше метр газды экспорттады. Былтыр Қазақстан жыл он екі айда 12,7 млрд текше метр газ экспорттаған»,-деді Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар