Қазақстан 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек — Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. 

айти, цифр, онлайн
Фото: primeminister.kz

— Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болу мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек, — деді Президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент халықаралық қатынастағы шиеленістер мен озбырлықтың салдарынан қақтығыстар мен соғыстар белең алғанын айтқан еді.

Сондай-ақ Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатыны айтылды.

Айта кетейік, Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында жүріп жатыр.

Kazinform сайты тікелей эфирмен қатар, жазбаша трансляция да жасайды.

Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар