14:37, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстан үшін атом өнеркәсібінің маңызы мұнайгаз өндірісімен бірдей - "Жоғары технологиялар институты" ЖШС Бас директоры
; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда атом өнеркәсібінен Үкімет бюджетіне кемінде 4-5 миллиард доллар түсіп отыр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері" VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Биыл "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ республикадағы уран өндірісін 18,5 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда. Атом өнеркәсібіндегі кәсіпорындардағы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының үлесі 100-бен 30 пайыздың аралығында", дейді "Жоғары технологиялар институты" ЖШС-нің Бас директоры Серік Қожахметов. Оның айтуынша, бірлескен кәсіпорындардағы барлық өнімді нарыққа "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ саудалайды. Түскен кіріс үлеске қарай бөлінеді. Сондай-ақ кәсіпорындардың операциялық шығындары жергілікті инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.