Қазақстан үшін де, Ресей үшін де жоғары қосылған құнымен өзіндік бәсекеге қабілетті өнім өндіру ауқымын кеңейту маңызды мәнге ие - Елбасы

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан үшін де, Ресей үшін де жоғары қосылған құнымен өзіндік бәсекеге қабілетті өнім өндіру ауқымын кеңейту маңызды мәнге ие. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None
«Қазақстан үшін де, Ресей үшін де жоғары қосылған құнымен өзіндік бәсекеге қабілетті өнім өндіру ауқымын кеңейту маңызды мәнге ие. Сонымен қатар біздерді бизнес үшін барынша жайлы жағдаймен ашық нарықтық экономика құру біріктіреді», - деді Н.Назарбаев. Осы ретте Мемлекет басшысы екі елдің таңдап алған экономикалық даму мақсаттары мен ұстанымдары интеграциялық үдерістерге, нақты айтқанда Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға жақсы негіз болғанын баса айтты. «Адамзаттың болашақ дамуының парадигмасы жаңа «жасыл технологиялармен», балама энергия көздерімен және басқа да инновациялар жиынтығымен үшінші өнеркәсіптік революция аясында қалыптасады. Бұл жағдайларда кәсіпкерлер қоғамдастығының белсенділігінің мәні ерекше», деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар