Қазақстан үшін Иордания араб аймағындағы маңызды стратегиялық әріптес болып табылады - Премьер-Министр

А. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан үшін Иордания араб аймағындағы маңызды стратегиялық әріптес болып табылады.
None
None

Бүгін Астанада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашемиттік Королдігінің Премьер-Министрі Самир Зайд әл-Рифаймен болған келіссөздерден кейінгі брифингте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді.

Самир Зайд әл-Рифайдің жасаған осы сапары Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретіндігіне сенімдімін», деді К. Мәсімов.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде экономика, сауда, индустрия, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, мәдениет, туризм, фармацептика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған.

«Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Король Абдолла ІІ-ші арасында жасалған уағадаластықтарды іске асыру үшін қажетті жұмыс тетіктерін талқыладық. Халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмастық. Атап айтқанда, әлемдік қаржы дағдарысының салдары, Орталық Азия және Таяу Шығыс аймағындағы жағдай туралы әңгіме қозғадық», деді Үкімет басшысы.

Осы орайда ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Иордания арасындағы әріптестіктің маңыздылығына айрықша тоқталып, оның даму деңгейіне ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар