15:15, 17 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Батумиде (Грузия) өтетін халықаралық WTT Youth Contender Batumi турниріне қатысады.
Жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда сарапқа салынады.
Аталған спорттық бәсекеде Әзербайжан, Англия, Болгария, Нидерланд, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, турнир 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty турнирі өтетінін жазған едік.