Қазақстан Венадағы кездесуден кейін мұнай бағасының өсуін болжайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 желтоқсанда Венадағы кездесуден кейін мұнай бағасы өсуі мүмкін. Бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстан алты айға мұнайды өндірудің көлемін қысқарту жөніндегі мұнай өндіретін елдердің ұмтылыстарын қолдайды. ОПЕК елдерінің бастапқы жарты жылға өндіруді 3-4 пайызға жуық шектеу  туралы қабылдаған шешімі мұнайға бағаның 17 пайызға өсімін берді. Егер қазір 10 желтоқсан күні ОПЕК-ке мүше емес елдер тиісті шешім қабылдайтын болса, онда мұнай бағасы ары қарай өсетінін болжап отырмыз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның, сондай-ақ мұнай өндіретін компаниялардың табысына қолайлы әсер етеді»,-деді Бозымбаев.

Министрдің пайымынша, мұнай өндіруді шектеу Қазақстан үшін проблемалар тудырмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 10 желтоқсанында Венада ОПЕК-ке мүше емес елдердің кездесуі өтеді. ОПЕК мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Венаға ұйымға мүше емес 14 мемлекеттің өкілдерін шақырды.

Сонымен қатар ағымдағы айдың басында ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан әлемдік мұнай қауымдастығының мұнайды өндірудің көлемін қысқарту жөніндегі ұмтылыстарын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар