Қазақстан виза мәселесі бойынша Еуроодақпен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті - Р. Жошыбаев

АСТАНА.  29 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан  виза мәселесі бойынша Еуропалық одақпен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР дипломатиялық қызметіне 20 жыл толуына орай  құрметті консулдардың қатысуымен өтіп жатқан жиында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Үкіметі ЕО-ның барлық 27 мемлекетін азаматтардың виза алуында жеңілдетілген үрдістерді қолданатын елдердің тізбесіне енгізді.

Сондай-ақ, бірлескен жемісті жұмыстардың нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Еуропалық елдер дипломатиялық төлқұжат иелерінің визасыз тәртібі туралы 17 келісімді бекіткен. Сонымен қатар 2 келісімге ЕО-ға кірмейтін Шенген аумағындағы елдермен қол қойылды.

«Жалпы, тәуелсіздік жылдары Қазақстан әртүрлі төлқұжаттар бойынша визасыз тәртіп тұрғысында 56 келісімге қол қойды»,-деді Р. Жошыбаев.

Соңғы жаңалықтар