Қазақстан волейболшылары Азия ойындарындағы жарысын жалғастырады

АСТАНА. KAZINFROM — Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы классикалық волейболдан бәсеке жалғасып жатыр.

Қазақстан волейболшылары Азия ойындарындағы жарысын жалғастырады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше 5-8 орындар үшін өткен кездесуде Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай Тайбэйі командасымен тартысты ойын өткізді.

Кездесу бес партияға созылып, 2:3 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Партиялар есебі: 21-25, 23-25, 25-22, 27-25, 10-15.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық волейболшылар 7-8 орындар үшін өтетін матчта өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетелік Әсел Қанай Азия ойындарының алтын жүлдесіне таласады