Қазақстан жанармай арзан ТОП-20 елдің қатарына енді

 бензин
Фото: Синьхуа

Қазақстан Globalpetrolprices рейтингі бойынша жанармайы ең арзан 20 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Басылымның хабарлауынша, әлем бойынша жанармайдың орташа бағасы литріне $1,29 құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, ең арзан жанармай Иранда - 0,029 доллар.

Қазақстан бұл рейтингте 11-орында. Елімізде бір литр жанармай 0,539 доллар тұратыны хабарланды.

Ресей 16-орында, онда жанармай құны 0,606 доллар. Сауд Арабиясында (18-орын) жанармай құны литріне 0,681 доллардан, ал Қырғызстанда (25-орын) 0,802 доллар.

- Әр елде жанармай бағасының айтарлықтай айырмашылығы бар. Әдетте бай елдерде баға жоғары болса, кедей елдер мен мұнай өндіріп, экспорттайтын елдерде баға айтарлықтай төмен. Тек АҚШ экономикалық дамыған ел болғанымен жанармай бағасы төмен. Әр елдегі баға айырмашылығы жанармай салығы мен субсидиялардың әртүрлілігіне байланысты, - делінген материалда.

Соңғы жаңалықтар