Қазақстан және Араб Әмірліктері ғарыш саласында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

-РИЯД. 21 қараша. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Қазғарыш делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында, Қазақтан Республикасы Қазғарыш ұлттық агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Король Абдел Азиз атындағы ғылыми-техникалық қаласының президенті Мұхаммед бен Ибрагим әл-Суэйлмен кездесті.
None
None

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан Республикасы Қазғарыш ұлттық агенттігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Абдел Азиз Король атындағы ғылыми-техникалық қаланың арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.Казахстан и Саудовская Аравия

Р ҚҰА төрағасы Талғат Мұсабаев келісімге қол қойылу рәсімінің салтанатынан кейін, Қазақстан ғарыш саласын зерттеу және ғарыш саласында араб мемлекеттерімен өзара іс-қимыл орнатуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.

Өз кезегінде ғылыми-техникалық қаланың президенті Мұхаммед бен Ибрагим әл-Суэйль араб ғалымдары жетекші ғарыш мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастықты орнатып жатқандығын жеткізді. Енді бұл қатарға Қазақстан да қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар