Қазақстан және Әзербайжан Президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың
None
None

баспасөз қызметінен. Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев сауда-экономика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, екі ел көшбасшылары халықаралық және өңірлік ұйымдардың, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының аясындағы өзара іс-қимыл барысын қарастырды.

Соңғы жаңалықтар