Қазақстан және Иран тарапы 8 құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Казахстан и Иран подписали девять документов
Фото: Ақорда

Қазақстан және Иран президенттерінің қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт;

Ақордада екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктерді автокөлік арқылы халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

Ақордада екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасы;

Ақордада екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Актілерді және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымы арасында зияткерлік меншік саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Жол және қала құрылысы министрлігі арасындағы көлік, транзит және логистика салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

Ақордада екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадио кешенi» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иран Ислам Республикасы радиохабар тарату және телевизия ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.

Қазақстан және Иран тарапы 8 құжатқа қол қойды
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Тоқаев Иран мұрағаттарында қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталғанын айтқан еді.

Өз кезегінде Иран президенті Қазақстанмен сауда-саттықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар