20:57, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстан және Қырғызстан кеден ведомстволарының басшылары 2012 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» кедені және «Қарасу» өткізу қосындарында жұмыс сапарымен болды. Онда екі елдің кеден қызметтерінің басшылары кездесті.

ҚР ҚМ КБК-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, кездесу барысында Кедендік комитет басшысы М. Есенбаев және Қырғызстан Үкіметі жанындағы мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы К. Құлматов өткен жылда атқарылған бірлескен жұмысты қорытындылап, ағымдағы жылға жоспарланған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Оған қоса тараптар кеден қызметтерінің рәсімделген кедендік декларациялары бойынша мәліметтер базасымен ақпараттық алмасуды ұйымдастыру перспективасын талқылады.