Қазақстан және Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлеріне білім алу мен біліктіліктерін жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 22-сі күні Бішкекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қырғызстан Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ішкі байланыс қызметі.

Тараптар мемлекеттік және муниципальды қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша екі жақтың талпынысын көрсете отырып, бірлескен ғылыми-тәжірибелік мәжілістерді өткізу, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды шығару, студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамдарының алмасу бағдарламаларын құру, алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру, Қырғызстан мен Қазақстанның екі дипломын беру, сонымен қатар мемлекеттік және муниципальдық қызметкерлерді қашықтықтан оқыту саласында тәжірибе алмасып, аумақ бойынша және мемлекеттік басқару тәжірибесінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудегі ынтымақтастықты нығайтпақ.

Ынтымақтастықтың жаңа түрі екі елдің де мемлекеттік қызметкерлеріне оқу, біліктілікті жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және екі оқу орнында диплом алуды көздейді, деп толықтырды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ішкі байланыс қызметі.

Соңғы жаңалықтар