Қазақстан және оның көшбасшысы XXI ғасырдағы адамзат тағдырына аса алаңдаулы - Өзбекстандағы ҚР Елшісі

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде брифинг өтті, оған жергілікті және шетел БАҚ өкілдері, Ташкент ғылыми-академиялық орта мен Өзбекстандағы қазақ диаспорасы қатысты.

Брифинг барысында Өзбекстандағы ҚР Елшісі Ерік Өтембаев өзбек және шетел журналистерін Вашингтонда ядролық қауіпсіздік бойынша IV  Саммит барысында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифестінің мазмұнымен таныстырды.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен оның көшбасшысы XXI ғасырдағы адамзат тағдырына аса алаңдаулы екенін баса айтты.

Е. Өтембаев 2016 жылғы 25-26 мамырда  Қазақстан астанасында өткен IX Астана экономикалық форумының нәтижелері туралы айтты.

Биыл форум «Жаңа экономикалық нақтылық:   диверсификациялау, инновация және экономика білімі» тақырыбында өтті. Оның жұмысына 5 мыңнан астам көрнекті саяси және ғылыми-академиялық орта өкілдері, ірі бизнесмендер, жетекші шетел сарапшылары қатысты.

Елші форумның дәстүрлі жоғары мәртебесі ХВҚ директоры Кристин Лагард, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, Колумбия университеті Жер Институның директоры Джеффри Сакс, белгілі қытай миллиардері, «Alibaba Group» компаниясының басшысы Джек Ма және басқа да дүниежүзіне танымал сарапшылар мен белгілі саясаткерлердің қатысумен расталды.

Брифинг соңында Елші Өтембаев Ташкенттегі қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Өзбекстан Республикасындағы отандастарымызбен одан әрі өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram