Қазақстан және Ресей президенттері Мәскеуде екі ел ынтымақтастығының басымдықтарын талқылайды

 МӘСКЕУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі  өтеді.
None
None

Мемлекет басшысының сапары Достық, ынтымақтастық және өзара келісім туралы келісім-шартқа қол қоюдың 20 жылдығына (1992 жылдың 25 мамыры) орайластырылған және екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатудың мерейтойлық датасының қарсаңында өтуде.

Кездесудің қорытындылары бойынша мемлекет басшыларының көпжоспарлы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін  Біріккен мәлімдемені қабылдауы жоспарлануда.

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2012-2020 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасының базасында дамып отырған сауда-экономикалық байланыстарды дамыту болашағы келіссөздердің  басты тақырыбы болады.

Осылайша, энергетика саласындағы байланыстардың кеңеюіне ерекше назар аудару жоспарлануда, соның ішінде  - электр энергетикасы, бейбітшілік мақсаттағы атом (Орал тау-химия комбинатының базасында Уран кеніштерін бірлесіп өңдеу және уранды байыту Орталығын құру, Қазақстанда АЭС-ын салу болашағы), мұнай саласы (қазақстандық мұнайдың РФ-ның аумағы арқылы транзиті, қазақстандық табиғи газдың үшінші елдердің нарықтарына жеткізу үшін сатып алынуы мен маркетингі, солтүстік Каспий көмірсутектерін игеру бойынша жобаларды іске асыру).

Тараптардың «Байқоңыр» кешенін пайдалану, «ГЛОНАСС» спутниктік жүйесін және «ҚАЗСАТ» жерсеріктерінің топтамасын құру аясында ғарыштық кеңістікті игерудегі ынтымақтастықты күшейту болашағын талқылайтыны шамалануда.

Бұдан басқа аймақтық және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланады.

 Келіссөздер аяқталғаннан кейін екі ел президенттерінің Үлкен театрдағы мерейтойлық датаға арналған концертке баруы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар