Қазақстан және Ресей Президенттері Мәскеуде екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады
РФ Президенті тараптар болашақтағы ықпалдастық мәселелері бойынша бүгінгі келіссөздерге баса назар бөлетіндіктен, бүгінгі кездесу ерекше ретпен өтіп жатқанын атап өтті. Ресей Президенті сондай-ақ Н.Назарбаевқа Мәскеуге сапары үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастық мәселелері Астраханда өткен бұған дейінгі кездесуде нәтижелі талқылауға түскенін атап өтті.
«Бес жыл бұрын біз Кеден одағын құру үрдісін бастаған болатынбыз және сіздің жеке мүдделілік танытуыңыздың арқасында үлкен заңнамалық бастамалардың қабылдануына қол жеткізіп, тәжірибелік тұрғыға шықтық және Кеден одағын іс жүзінде құрдық» , - деді Н.Назарбаев ресейлік әріптесімен болған әңгімеде.
ҚР Президенті атап өткендей, Кеден одағы біздің мемлекеттерімізге үлкен пайда әкелді. Жалпы алғанда, үш елдің сауда айналымы 40 пайызға өсті.
«Қазір ықпалдастықтың келесі сатысына шығудамыз. Және де бүгін біз Бірыңғай экономикалық кеңістік комиссиясын құру мәселесін қараймыз және қабылданған құжаттар мен қол жеткізілген келісімдер Еуразиялық экономикалық одаққа шығу арқылы Еуразиялық экономикалық кеңістіктің іс жүзінде құрылуына жол ашады», - деді Қазақстан басшысы.