Қазақстан және Ресейдің сыртқы саясат ведомстволар басшылары 2012 жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды

МӘСКЕУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Ресейге жасаған бірінші ресми сапарының барысында ҚР мен РФ арасында ынтымақтастық жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
None
None

«Бұл маңызды құжатты жүзеге асыру біздің мемлекеттер арасында сыртқы саясат саласындағы өзара тығыз іс-қимылды тереңдетуге одан әрі жол ашады», - деп мәлімдеді РФ СІМ Сергей Лавров кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

«Біз РФ мен ҚР арасындағы 2011-2012 жылдарға арналған өзара бірлескен іс-қимыл жоспарында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшыларының биылғы жылдың қыркүйек айындағы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтарды орындау барысын талқыладық. Орталық Азия, Ауғанстан және оның айналасындағы жағдайды дамыту мәселелері ортаға салынды»,- деді С.Лавров.

Өз кезегінде Е.Қазыханов болып өткен келіссөздер өте мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. «Қазақстан мен Ресей негізгі халықаралық мәселелер бойынша үнемі жақын ұстанымды жақтайды. Мемлекеттердің аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде де ойлары бір жерден шығады», - дейді ҚР СІМ басшысы.

Болып өткен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең спектрі талқыланды. Диалог ортасында 18 қарашада ықпалдастық үрдістерінің болашағы жөнінде Қазақстан, Ресей, Беларус елдері президенттерінің арасында өткен кездесу қорытындысында қабылданған шешімдер талқыланды.

СІМ-нің басшылары мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастықты тереңдететінін жалғастыратынына және көршілердің қарым-қатынасының әріптестік және одақтастық рухында дамуына көмектесетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар