Қазақстан және Түркия арасында мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жұмыс жоспарына қол қойылды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 14 наурызында Астанада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов
None
None

Түркия Республикасы Мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі директораттың төрағасы
М. Кумбузоғлымен кездесті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Ә. Байменов және М. Кумбузоғлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ТР Мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі директораты арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған қарым-қатынас туралы меморандумды іске асыру шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі Жұмыс жоспарына қол қойды.

Сонымен қатар, тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы келешектегі екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында білім және тәжірибе алмасу жөнінде Өңірлік хаб шеңберінде мәселелер қаралды.

Соңғы жаңалықтар