Қазақстан және Вьетнам арасындағы сауда айналымы артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қазан айынын 2017 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы мен Социалистік Вьетнам Республикасы арасындағы сауда айналымы екі есеге артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, еркін сауда-саттық жөніндегі екіжақты келісімдер өз күшіне енген сәттен бастап - 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы 2015-2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артты.

Беларусь Республикасы мен Вьетнам Республикасы арасындағы сауда айналымы 23,3%, Ресей Федерациясымен - 5,5%-ға өсті.

Әсіресе, одақ елдерінен Вьетнамға азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттары, сонымен қатар, металл және металл бұйымдары көптеп жеткізілетіндігі айтылды. 

Соңғы жаңалықтар