Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Грузиядан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Грузияға есе жіберді. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Грузиядан жеңілді
Фото: ҚФФ

Қазақстандық футболшылар қарсыласынан 1:2 есебімен жеңілді. Соңғы минутта соғылған гол матч тағдырын шешіп кетті. Ел құрамасы сапынан Расул Әкімов көзге түсті.

Қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған. 

Бірінші ойында олар Әзербайжаннан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді. Бұл құрамаға аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Сондай-ақ еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар