Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынында Шотландиядан басым түсті.

Алматы қаласындағы орталық стадионда өткен матчта қазақстандық жастар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Денис Мамоновтың шәкірттері Айбар Абдулла, Әділбек Жұмаханов, Ян Труфанов мергендік танытты.
Қазақстандық жастар В тобында тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде алты құрама арасында бесінші орынға жайғасты. Ал Шотландия 16 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші мәрте жеңілді.
Қазақстан Словениядан сырт алаңда 0:3, өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ ел құрамасы қазірге дейін Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, Аустрияға 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.