Қазақстан жастар құрамасынан шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатына кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды.

Дүбірлі дода 2024 жылдың 25 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канадада өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер Оттава қаласында B тобында Чехия, Словакия, Швейцария және Швециямен шеберлік байқасады.
Қазақстандық жастар әлем чемпионаты басталғанға дейін Германия жастар құрамасы мен жергілікті «Хоксбери Хокс» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:
27 желтоқсан. Швеция - Қазақстан
28 желтоқсан. Қазақстан - Чехия
30 желтоқсан. Словакия - Қазақстан
31 желтоқсан. Қазақстан - Швейцария
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі – «Снежные барсы», МХЛ), Данил Лыткин («Барыс U18»)
Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибрагим, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные барсы», МХЛ), Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Филадельфия Ребелс», NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы – «Снежные барсы», МХЛ), Александр Ким («Бисмарк Бобкэтс», NAHL), Давлат Нұркенов («Эссят U20», U20 SM-sarja), NAHL), Егор Левковец (МХК «Барыс»), Асанали Саркенов (Спокан Чифс, WHL), Семен Симонов («Барыс»).
Құрамаға Сергей Старыгин жетекшілік етсе, оған Георгий Верещагин мен Алексей Обухов көмекшілік жасайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады.