Қазақстан жастар құрамасының футболшысы «Динамоға» ауысуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – 20 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Олжас Әділ мансабын Бресттің «Динамосында» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.
Беларусь клубы қазақстандықты өз командасында көргісі келеді және қазірдің өзінде оған шақырту жіберіп қойған.
Көкшетаулық «Оқжетпес» те Олжасқа қызығушылық танытуда.
Олжас Әділ – елордалық «Астана» клубының түлегі. «Астананың» негізгі құрамасы сапында 6 ойын өткізіп, УЕФА жастар лигасында да өнер көрсетті. Әр уақытта Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларына шақырылды.
Жартылай қорғаушы өткен маусымды «Жеңісте» өткізіп, командаға ҚКЛ-ға шығуға көмектесті.