Қазақстан жастар құрамасы Словениямен тең түсті

Естеріңізге сала кетелік, біздің жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінде тоғызыншы топта сынға түсіп келеді. Қарсыластары - Франция, Словения, Болгария, Черногория, Люксембург құрамалары. Бүгінгі күнге дейін құрамамыз 8 ойын өткізді. Оның 8-де жеңіске жетсе, 4-де тең түсіп түсіп, 2-де қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде 10 ұпаймен үшінші орында келеді.
Бүгінгі қарсыласы - Словения екеуі турнир кестесінде қатарлас тұр. Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен жағдайда біздің құрама оларды артқа қалдыратын еді. Дегенмен бұл ойында жеңімпаз анықталған жоқ. Қос құрама 0:0 есебіне қанағат білдірді. Ал бірде-бір ұпай шашау шығармаған Франция құрамасы 21 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді.
Бұдан бұрынғы кездесулерде Қазақстан құрамасы Люксембургті қос ойында да 2:1, 3:0 есебімен тізе бүктірді. Қос ойында да Франциядан 1:4, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Болгариямен екі кездесуінде де тең түсіп, онда 2:2, 1:1 есептері тіркелді. Ал Черногориямен өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнады.
Біздің құрама келесі кездесуін де Словениямен өткізеді. Бұл ойын 11 қыркүйекте аталмыш елде болады. Матч Астана уақытымен 20.30-да басталады. Құрамамыз Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 16 қазанда сырт алаңда Черногориямен қорытындылайды.
Аталмыш Еуропа біріншілігі 2019 жылдың 16-30 маусым аралығында Италия мен Сан-Марино елдерінде өткізіледі. Онда барлығы 12 құрама бақ сынайды.