21:48, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақстан жастары: Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы - үлкен жеңіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына орай Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевты және барша қазақстандықтарды құттықтады.

«БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысушы елдердің 138 дауысы біздің Мемлекет басшымыздың жаһандық бастамаларының бүгінгі күні барынша талап етілетіндігін және барша әлемде өзекті екендігін көрсетеді. Қазақстан тәуелсіз дамуының 25 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуда табыстарға қол жеткізіп, әлемдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауды мақсат еткен бейбітсүйгіш мемлекет ретінде көрсете алды. Бұл біздің еліміздің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі», - деп санайды ел жастары.