12:10, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстан жастарын ана болу және бала тәрбиелеу өнеріне баулу қажет - Елбасы
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан жастарын ана болу және бала тәрбиелеу өнеріне баулу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде айтты.

«Мен бала тәрбиелеу өнерін де үйрету керек деп есептеймін. Неге біз ана болу әлемдегі ең қиын мамандық дейміз, алайда оған ешкім ешкімді ешқашан үйретпейді. Сондықтан күшімізді жинап, экономикамызды дамытып алған соң осыған кірісуіміз керек шығар. Жастар үшін отбасылық өмірдің қыр-сырын меңгеріп, оны одан әрі алып кету ең ауыр кезең. Әлемнің кейбір елдерінде отбасын құруға бел буған жастарды арнайы оқытатын тәжірибе де бар. Дәл осылай бізге де ана болу мен бала тәрбиелеуге жастарды үйрету керек», - деді Н. Назарбаев.