Қазақстан «жасыл» экономикаға неліктен көше алмай отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның «жасыл» қаржы жүйесі» жобасын әзірлеген мамандар елдің «жасыл» экономикаға көшу әлеуетіне талдау және бағалау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдау барысында жеке және мемлекеттік қаржы институттарына, қаржы нарығына және заңнамалық базаға зерттеу жүргізілген.

«Біріншіден, саясат пен әлеуеттің, әсіресе қалдықтарды сатуда бірқатар олқылықтардың бар екенін анықтадық. Есептерді дайындауда шектеулер бар, яғни қаржылық кедергілер, ұзақмерзімді капиталдың тапшылығы сезіліп отыр. Әдетте, барлығы ұзақмерзімді инфрақұрылымдық жобалар үшін қолжетімді болады. Ең ұзақ мерзім - 7 жыл, ал 7 жыл инфрақұрылымдық жобалар үшін жеткіліксіз. Міндеттемелер мен активтер арасында теңгерім жоқ. Сектордың өзі, ЖІӨ тұрғысынан айтар болсақ, өзге салалардан қалыс келеді. Нарықтағы кедергілер, инфрақұрылымдық қызметтерге деген төмен тариф, муниципалды қызметтерге қысқамерзімді келісімшарттар, қоршаған ортаны қорғау туралы ақпараттың болмауы - мұның барлығы біздегі жетілмеген «жасыл» экономика жүйесін айғақтайды», - деді жұмыс тобының жетекшісі Катуллус Хельмер Астанада өткен конференцияда.

Оның айтуынша, қазіргі қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз. Жаңартылатын энергия саласына салынған кей инвестициялар жүзеге асырылған, бірақ активтерді басқаруда инвестициялық мандат жоқ. Банктер қанша қаласа да, «жасыл» экономиканы қаржыландырмайды. Оған қоса, әзірленген дайын «жасыл» өнімдер де жоқ.

Осыған байланысты жұмыс тобы Қазақстанның «жасыл» қаржылық жүйесін дамыту тұжырымдамасына 7 негізгі ұсынымды әзірледі.

Сарапшылардың айтуынша, ең алдымен, Қазақстанға үйлестіру үшін мықты басшылық қажет. Жақында ғана құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығын көміртек нарығы мен «жасыл» қаржыландырулар үшін Ұлттық чемпион ретінде бекіту қажет. Сонымен бірге, «жасыл» экономикаға көшу бойынша қаржы жүйесін жол картасына біріктіру қажет. Жол картасы, өз кезегінде, мемлекет тарапынан ресми қолдауға ие болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар